Бокстан орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (34-0, 31 КО) бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің рингке 2016 жылдың ақпанында оралатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин ақпан айында жұдырықтасса екен деймін. Егер қарсы болмаса Коттомен немесе Альвареспен, болмаса басқа біреумен. WBC осы ойымды қолдайды деп үміттенемін, - деді Санчес Fighthub ресурсына берген сұхбатында. - Меніңше, бұл керемет жекпе-жек болды (Туреано Джонсон vs Имонн О'Кейн). Туреаноның рейтингі жоғары. Егер оған қолымыз жетсе, бұл біздің келесі жекпе-жегіміз болады".
Айта кетейік, Мигель Котто мен Сауль "Канело" Альварес 21 қарашада Лас-Вегаста орта салмақтағы WBC белбеуіне таласады, ал осы тұжырымға Головкин міндетті үміткер саналады.
Ал Туреано Джонсон болса өткен аптада ирландиялық Иммон О'Кейнді (14-2-1, 5 KO) жеңіп, IBF тұжырымына міндетті үміткер атағын алған болатын, ал өз кезегінде Головкин бұл тұжырымды канадалық Давид Лемьеден тартып алған еді.