Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына екінші боксшымыз шықты. 75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл жартылай финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварулын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына екінші боксшымыз шықты. 75 келіге дейінгі салмақта Әбілхан Аманқұл жартылай финалда әзірбайжандық Камран Шахсуварулын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Төрешілер 4:1 есебімен қазақ боксшысын жеңіспаз ретінде таныды.
Камран Шахсуварулы 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған боксшы. Ширек финалда Жәнібек Әлімханұлын жарыс жолынан шығарған болатын.
Әбілхан Аманқұл әлем чемпионатына алғаш рет қатысып отыр. Ширек финалда әлем чемпионы, Рио Олимпиадасының жеңімпазы кубалық Арлен Лопесті жеңген еді.
Айта кетейік, осыған дейін 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев финалға шықса, 49 келіге дейінгі салмақта Жомарт Ержан қола жүлдегер атанған еді.