17 наурыз 2017 | 13:09

Әділбек Ниязыбетов Германияда өткен турнирге шықпады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Германияның Галле қаласында өткен халықаралық ірі турнир (шағын әлем чемпионаты) барысында жекпе-жекке шықпады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Германияның Галле қаласында өткен халықаралық ірі турнир (шағын әлем чемпионаты) барысында жекпе-жекке шықпады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері Ниязымбетов шаршы алаңға украиналық қарсыласы Максим Коцаға қарсы шығуы керек болған еді, алайда оның орнына Ниязымбетов Астанада өткен Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің 25-жылдығын тойлау мерекесіне қатысуға келген.

Жарыста Рио қаласында өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит финалға өтті. Жартылай финалда ол украиналық Константин Пинчукті ұпай санымен жеңді. Левит үшін бұл Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші жекпе-жегі болды. 

Жартылай финалға қатысқан қазақстандықтардың толық тізімі: 

49 келіге дейін:
Ержан Жомарт - Карлос Купо (Эквадор) - 1:4;

52 келіге дейін:
Азамат Исақұлов - Гилберт Рентерия (АҚШ) - 5:0;

56 келіге дейін:
Қайрат Ералиев - Дюк Раган (АҚШ) - 0:5;

81 келіге дейін:
Әділбек Ниязымбетов - Максим Коц (Украина) - Коца қарсыласының шаршы алаңға шықпауына байланысты жеңіске жетті.

91 келіге дейін:
Василий Левит - Константин Пинчук (Украина) - 5:0.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети