Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділбек Ниязымбетов Рио Олимпиадасының финалына шықты © Reuters

Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетов Рио-де-Жанейро Олимпиадасының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Турнирдің жартылай финалында 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын қазақстандық Ұлыбританиядан келген Джошуа Буатсимен кездесті. Бірінші раундта қазылар басымдықты Ниязымбетовке берді. Екінші раундта Джошуа белсенді түрде шабуыл жасай бастады, бірақ Ниязымбетов сауатты қорғанып, соққыларын дөп тигізді, осылайша басымдығын нығайта түсті. Қорытынды кезеңде ағылшын боксшысы ұпайлар саны бойынша айырмашылықты қысқартты. 


©REUTERS

Финалда Ниязымбетов әлемнің үш дүркін чемпионы Хулио Сесар Ла Круспен кездеседі. Жекпе-жек 19 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 00.30-ға белгіленген. Оны тікелей эфирде "Хабар" арнасы көрсетеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети