Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ағылшын боксшысы Головкинмен жұдырықтасамын деп жүріп мансабын аяқтады

14 Шілде 2015, 16:15
0

Екінші орта салмақта бүкіләлемдік бокс сериясы (WBA) жүйесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы ағылшын боксшысы Карл Фроч мансабын аяқтағанын хабарлады. Ол осыған дейін қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасу үшін дайындығын бастайтынын жария еткен еді. Бұл туралы Massaget.kz басылымы хабарлады.

Мамыр айында WBA Карл Фрочты чемпиондық атақтан айырды. Себебі, ұлыбританиялық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы жекпе-жегін 2014 жылдың мамырында өткізген болатын. Одан кейінгі бір жылға жуық уақыт ішінде өз атағын қорғаған жоқ. Бүкіләлемдік бокс сериясы ережесіне сәйкес, 38 жастағы боксшы бұл уақыт аралығында бірнеше кездесу өткізуі тиіс еді. Нәтижесінде Карл Фрочтан қайтарылып алынған WBA чемпиондығы атағына неміс Феликс Штурмды жеңген ресейлік Федор Чудинов ие болды.

"Маған енді ештеңені дәлелдеудің қажеті жоқ. Жетістігімнен-ақ менің қандай боксшы болғанымды бағамдай берсеңіздер болады. Бокста маған қолдау білдірген жандарды құрмет тұтамын, және қолғабымды шегеге ілетін шақ та жеткен секілді", - деді Карл Фроч ВВС арнасына берген сұхбатында. Карл Фроч мансабын аяқтағаннан кейін спорттан алыс кетпейді. Ұлыбританиялық "Sky Sports" арнасында сарапшы қызметін атқарады.

Айта кетейік, осыған дейін Карл Фроч орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағына ие отандасымыз Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға емеурін танытқан еді. Ал кездесуді ұйымдастыруға талпынған промоутер Эдди Хирн бұл жекпе-жектің өтуі "НВО" арнасының қаржылық жағдайына байланысты деп хабарлаған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай