Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) өзінің жаңа жобасының, яғни AIBA кәсіпқой бокс (APB) сериясының биыл 24 қазанда басталатындығын мәлімдеуге қуанышты екендіктерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Халықаралық әуесқой бокс федерациясы (AIBA) өзінің жаңа жобасының, яғни AIBA кәсіпқой бокс (APB) сериясының биыл 24 қазанда басталатындығын мәлімдеуге қуанышты екендіктерін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
AIBA атқару комитетінің, APB атқару кеңесінің, әр елдің ұлттық федерацияларының мүшелері және осы жобаның серіктестері болып табылатын БАҚ пен демеушілер біраз мәселелерді талқылай келе, жаңа жобаны 2014 жылдың 24 қазанында бастауға келісіпті.
Ең бастысы, бұл кәсіпқой бокс жобасы болса да, APB туы астында өнер көрсетуге келіскен біздің боксшылар Инчхонда өтетін жазғы Азия ойындарына қатыса алады екен.
AIBA ресми сайтының мәлімдеуінше, 24-26 қазан және 20-23 қараша күндері екі (бірінші және екінші) електік-рейтінгтік жекпе-жектер өткізілмек. Ал 18-21 желтоқсанда рейтінгтік жекпе-жектер ұйымдастыру жоспарланған. Чемпиондық атақтар 2015 жылдың 22-25 қаңтары күндері және 29 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта сарапқа салынатын болып бекітілген.
AIBA бұл жобаға қатысты нақты және толық ақпараттарды осы рейтингтік жекпе-жектер қарсаңында жариялайтындықтарын жазған.
AIBA президенті Чинг Куо Ву жаңа жобаның тұсауын кесетіндігіне қуанышты екендігін білдірген. «APB боксты қайтадан ең қызықты спорт түріне айналдырады» деген үмітте екендігін де тілге тиек еткен. Рейтингтік ұпай есептеу жүйесінің ашық, төрешілердің әділ болатындығына да сенім білдірген.
Көреміз, енді алай боларын. Егер нағыз әлем чемпиондары әділетті түрде осы жоба арқылы анықталып жатса, нұр үстіне нұр. Әрі осы жоба шеңберінде Олимппиада ойындарының да лицензиялары сарапқа салынатын көрінеді. Қосарымыз, APB жобасындағы жекпе-жектерге 19-40 жас аралығындағы боксшылар, тіпті кейбір кәсіпқой боксшылар да қатыстырылмақ.