AIBA президенті қазақстандық боксшылар туралы өз ойын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Чинг-Куо Ву. © taiwan-panorama.com.tw Чинг-Куо Ву. © taiwan-panorama.com.tw

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың Гамбургтегі әлем чемпионатында көрсеткен өнеріне бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының (AIBA) президенті Чинг-Куо Ву Қазақстандық бокс федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында қазақстандық боксшылардың Гамбургтегі әлем чемпионатында көрсеткен өнеріне бағасын берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан жарысқа барлық салмақтағы боксшыларын аттандырған аздаған елдердің қатарында екенін айта кетейік. 

"Екі ай бұрын ғана Бүкіләлемдік бокс сериясы WSB финалында болдым. Бұл жарыс Қазақстанның турнирлерді ең жоғары деңгейде өткізе алатынына тағы бір дәлел болды. Сіздің боксшыларыңыз жауынгер және өте шебер. Қазақстандықтар турнир медальдарына әбден қол жеткізе алады. Командаларыңыз мықты және он салмақ бойынша да боксшыларды аттандырыпсыздар", - дейді Ву. 

Сонымен қатар, Чинг-Куо Ву Халықаралық олимпиада комитетінің әйелдер жұдырықтасатын салмақ дәрежелерінің санын арттыру туралы ұсыныс жасауы ерлердің салмақ дәрежелерінің санына еш әсер етпейтінін айтты. AIBA басшысы Қазақстандағы бокстың дамуына қатысты да өз ойын айта кетті. 

"Қазақстан әлемдік бокста үнемі алдыңғы қатарда. Тимур Құлыбаев - қазақстандық спортқа жақсы басшы. Оның осы орынға келуімен бокстың дамуы арта түсті. Егер осы қалыптан таймасаңыздар үлкен жарыстарда жүлделі орындардан құр қалмайсыздар деген ойдамын", - деп аяқтады ол. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 518.07  course up  589.9  course up  6.27  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro