Аида Сатыбалдинова Америкадағы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Сатыбалдинова Америкадағы жекпе-жекте нокаутпен жеңілді © 24.kz

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова америкалық жеңіліп көрмеген боксшы Селина Барриостан жеңіліп қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова америкалық жеңіліп көрмеген боксшы Селина Барриостан жеңіліп қалды, деп хабарлады Vesti.kz.

Рейтингтік жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғасы болды, ол Америкадағы Техас штатында орналасқан Корпус-Кристиде өтті.

Сатыбалдинова төртінші раундта нокаутқа түсті. Аида үшін бұл бірінші жеңіліс.

Айта кетейік, Сатыбалдинова биыл 22 сәуірде мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы Тихуанада (Мексика) жекпе-жек өткізген еді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрды, оның нәтижесінде барлық төреші жеңісті Сатыбалдиноваға берді. Осылайша, қазақстандық боксшы қыз бірінші жеңісіне екінші жекпе-жекте ғана қол жеткізді. Себебі, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети