Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова америкалық жеңіліп көрмеген боксшы Селина Барриостан жеңіліп қалды, деп хабарлады Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы қыз Аида Сатыбалдинова америкалық жеңіліп көрмеген боксшы Селина Барриостан жеңіліп қалды, деп хабарлады Vesti.kz.
Рейтингтік жекпе-жек бокс кешінің басты оқиғасы болды, ол Америкадағы Техас штатында орналасқан Корпус-Кристиде өтті.
Сатыбалдинова төртінші раундта нокаутқа түсті. Аида үшін бұл бірінші жеңіліс.
Айта кетейік, Сатыбалдинова биыл 22 сәуірде мексикалық Аннет Пабеллоға қарсы Тихуанада (Мексика) жекпе-жек өткізген еді. Жекпе-жек сегіз раундтан тұрды, оның нәтижесінде барлық төреші жеңісті Сатыбалдиноваға берді. Осылайша, қазақстандық боксшы қыз бірінші жеңісіне екінші жекпе-жекте ғана қол жеткізді. Себебі, Сатыбалдинова 17 наурызда АҚШ-та кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегін өткізді. Ол кезде қарсыласы америкалық Лиза Портер болды. Жекпе-жек төрт раундтан тұрды, алайда төрешілер кімнің мықты екенін анықтай алмады.