АҚШ-та қазақстандық боксшы қатысқан жекпе-жек өткізілмеді деп есептелді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© instantboxing.com © instantboxing.com

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Бахтияр Эюбов пен америкалық Морис Чалмерстің жекпе-жегі өткізілмеді деп танылды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу жартылай орта салмақ лимитінде өтуі тиіс болған. Боксшылар салмақ өлшеу рәсімін де сәтті өткізген еді. Жекпе-жек алты раундтан тұрады деп есептелді.

Алайда BoxRec сайтында жекпе-жектің нәтижесі NC (No contest) деп көрсетілген, бұл кездесудің өткізілмеді деп танылғанын білдіреді. Бастарының соғылып қалуынан Эюбовтың қарсыласының қабағы жарылған. Дәрігер жекпе-жекті тоқтату керегін айтқан. Сөйтіп, рефери жекпе-жекті тоқтатып, өткізілмеді деп есептелетінін хабарлаған.

Қазақстандық боксшы өткізілмеді деп есептелген жекпе-жегіне қатысты пікірін айтты.

"Жағдайым өте жақсы. Жекпе-жектің қалай өткенін көрермендердің барлығы көрді. Нокаутқа түсірейін деп едім, қарсыласымды құлатуыма аз қалған еді. Ол менің күшіме қарсы тұра алмады, сөйтіп басын төмен сала берді. Маңдайыма соғылып, қабағы жарылды. Соғылып қалардың алдында қатты соққы бердім. Міне, бітті деп ойладым. Ақыры ол бәрін құртты.

Жеңісті маған неге бермегендерін түсінбедім. Мен басымдық таныттым. Барлығы көрді, өзім де америкалықтың қазір құлайтынына сенімді болдым. Өкінішті, ереже сондай. Мен өзім техникалық нокаутпен жеңдім деп есептейтін. Әділетсіздік болды. Оны жақсылап қалтыраттым. Өз рекордым деп есептеймін 14-0, 12 KO", - деді жекпе-жектен соң Эюбов.

Порталдың мәліметінше, олардың жекпе-жегі бокс кешінің басты оқиғасы Кларесса Шилдс - Тори Нелсон кездесуінің андеркартына енгізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro