25 қараша 2021 10:08

"Алда чемпиондық жекпе-жек күтіп тұр". Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде жазба жариялап, биыл мықты қарсыластарды жеңгенін, алда чемпиондық жекпе-жек күтіп тұрғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде жазба жариялап, биыл мықты қарсыластарды жеңгенін, алда чемпиондық жекпе-жек күтіп тұрғанын жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Құрметті жанкүйерлер! Аллаға шүкір, бір белесті артта қалдырдық. Биыл екі бірдей экс әлем чемпионын ұттық. Бұйыртса, алда чемпиондық жекпе-жек тұр.

Оның болғанынан боладысы қызық болары анық. Өздеріңіз де жаңалықтардан оқып жатқан шығарсыздар. Біздің кез келген чемпионмен шығуға дайын екенімізді білесіздер. Сіздер сияқты біз де жаңалық күтеміз.

Әзірге команда демалыста. Әлеуметтік желідегі белсенділікті азайтамыз. Қолдауларыңызға көп рақмет. Жеңісті күндерде жолығайық! Қазақ стилі нөмірі бірінші", - делінген жазбада. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TEAM JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_qazaqstyle)

Бұған дейін орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жеткені хабарланған болатын. Жәнібектің қарсыласы әлемнің бұрынғы чемпионы француз Хассан Н'Дам Н'Жикам (38-5, 21 KO) болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети