Алдағы уақытта қазақ стилін осылай шыңдаймыз - Жәнібек Әлімханұлы

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, екі титул иеленгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливаспен жұдырықтасып, екі титул иеленгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Жеңістеріңіз құтты болсын. Бұл менің ғана емес, сіздердің де жеңістеріңіз. Мынау менің он раундтық алғашқы жекпе-жегім. Толығымен он раунд жұдырықтасып, жинаған тәжірибелеріміздің барлығын көрсеттік. Құдай қаласа, алдағы уақытта қазақ стилін осылай шыңдап, бұдан да үлкен жекпе-жектер өткізіп, жеңіске жетеміз", - деді Әлімханұлы. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Әлімханұлы бұл кездесуін америкалық Лос-Анджелесте Staples Center аренасындағы бокс кешінің андеркартында өткізген еді. 

Әлімханұлы мен Оливас жекпе-жегі 10 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, ол WBC Continental Americas және WBO Global титулдарын иеленді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама