13 сәуір 2019 09:22

Жәнібек Әлімханұлы екі чемпиондық титулды жеңіп алды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: Top Rank © Фото: Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливасты екі титулды чемпиондық атақ үшін жекпе-жекте жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мексикалық Кристиан Оливасты екі титулды чемпиондық атақ үшін жекпе-жекте жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бұл жекпе-жек Лос-Анджелестегі Staples Center алаңында бокс кешінің андеркартінде өтті. Бұл кештің ең басты жекпе-жегінде украиналық жеңіл салмақта WBA (Super) и WBO нұсқаларының чемпионы Василий Ломаченко мен британиялық Энтони Кролла жұдырықтасады. 

Әлімханұлы мен Оливастың жекпе-жегі 10 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Бұл жеңістің арқасында Жәнібек Әлімханұлы бос тұрған аймақтық WBC Continental Americas титулы мен екінші дәрежелі WBO Global белбеуін иемденді. 26 жастағы Әлімханұлы алты рет жеңіске жетті, оның екеуі нокаутпен. АҚШ-та шаршы алаңда ол алғаш рет 2018 жылы өнер көрсетті. Оған қоса сол жақта 4 жекпе-жек өткізген. Осының алдындағы жекпе-жекте ол бірінші рет титул үшін жұдырықтасты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Казахстанский боксер среднего веса Жанибек Алимханулы победил мексиканца Кристиана Оливаса в бою за два титула, передает корреспондент @Vestikzgram. ⠀ Поединок прошел в андеркарте вечера бокса на арене Staples Center в американском Лос-Анджелесе, в главном событии которого чемпион мира в легком весе по версиям WBA (Super) и WBO украинец Василий Ломаченко (12-1, 9 КО) встретится с британцем Энтони Кроллой (34-6-3, 13 КО). ⠀ Бой Алимханулы - Оливас продлился все 10 раундов, по итогам которых казахстанец выиграл единогласным решением судей. Эта победа помогла ему завоевать вакантный региональный титул WBC Continental Americas и второстепенный пояс WBO Global, который разыгрывался впервые. ⠀ Теперь на счету 26-летнего Алимханулы шесть побед (две нокаутом) в шести боях. В США он дебютировал в апреле 2018 года и провел в этой стране четыре поединка. Прошедший поединок стал для него первым титульным и пока самым долгим в карьере. ⠀ 27-летний Оливас потерпел третье поражение в карьере при 16 победах, причем он никогда не проигрывал досрочно. До сентября 2018 года мексиканец выступал исключительно на родине, после чего начал драться в США, где пока ни разу за три боя не смог победить. ⠀ Отметим, что дела Алимханулы, как и Ломаченко, ведет американская промоутерская компания Top Rank. ⠀ #Kazakhstan #QazaqStyle #boxing #бокс #kaz #kz #Казахстан #бокс #kazboxing #kzboxing #kaz #kz #LomaCrolla #ESPN #Алимханулы #Alimkhanuly #ЖанибекАлимханулы #vestikz

Публикация от Vestikz (@vestikzgram)

27 жастағы Оливас үшінші рет жеңіліс тапты. Ол 16 рет жеңіске жеткен. Сондай-ақ ол нокаутпен жеңілмеген. 2018 жылдың қыркүйек айына дейін мексикалық тек өз елінде өнер көрсетті. Кейін АҚШ-та жұдырықтаса бастады. Бірақ ол осы жақта өткізген үш жекпе-жегінде жеңіске жете алмады.

Айта кетейік, Әлімханұлы украиналық Ломаченко секілді Top Rank промоутерлік компаниясының аясында бокстасып жүр. 

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети