26 желтоқсан 2016 | 12:45

Алдымен Чавесті, кейін Головкинді жеңген соң "Канело" ұлы боксшы болады - Маркес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© AllBoxing.ru © AllBoxing.ru

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хуан Мануэль Маркес өзінің отандасы Сауль "Канело" Альварестің тағы бір мексикалық Хулио Сезар Чавеспен және қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектерінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Төрт салмақ дәрежесі бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы мексикалық Хуан Мануэль Маркес өзінің отандасы Сауль "Канело" Альварестің тағы бір мексикалық Хулио Сезар Чавеспен және қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектерінен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" мен кіші Чавестің командалары 6 мамырда жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесу 165 фунттағы аралық салмақ дәрежесінде өтуі мүмкін. Головкин 18 наурыз күні Нью-Йоркте америкалық Дэниел Джейкобспен кездесіп, атақтарын қорғайды. 

Сонымен қатар, "Канело" мен Головкиннің өкілдері қыркүйек айындағы жекпе-жектің егжей-тегжейін талқылап жатыр. Басты қиындық қаржыға қатысты болып тұр. 

"Кіші Чавесті жеңу өте маңызды, ол енді ғана қайтып оралды және мүмкіндігінің шегіне жетпеді. Бұл жақсы әрі тартысты кезедсу болады, дегенмен, "Канело" үшін ең керек жекпе-жек Головкинмен болмақ.

Барлығы осыны сұрап отыр. "Канело" бизнес туралы көп айтады, ол да маңызды. "Канело" Головкинді жеңсе, ол қандай ұлы боксшы болатынын ойлап көріңізші. Үздік болу үшін, үздіктерді жеңу керек. Бірақ, бұл жағынан "Канело" әлі әлсіздеу", - деп келтіреді BoxingScene.com Маркестің сөзін.

Сонымен қатар, мексикалық атақты боксшы мұның алдында Головкинмен 160 фунт салмақта кездесуден бас тартып, Чавеспен 165 фунт салмақта жекпе-жек өткізгелі жатқаны үшін сынаған болатын. Ал GGG екі мексикалық арасында өтетін жекпе-жекке күлген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети