Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі талантты боксшымыз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Софияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі талантты боксшымыз шаршы алаңға шығып, жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Болгарияның бас қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында тағы екі боксшымыз келесі кезеңге өтті. Алғашқы күні 52 келі салмақ дәрежесіндегі Оразхан Ергештің жеңіске жеткенін жазғанбыз.
Кеше түнде 56 келідегі Сұлтан Зауырбек Бутан боксшысы Тшеринг Самдруптан 3:0 есебімен басым түсті. Ал 60 келіде ел намысын қорғаған Абылайхан Жүсіпов Америка үміті Исидо Очоастан үстем түсті (Есеп – 3:0).
Айта кетейік, Сұлтан да, Абылайхан да – жастар арасындағы Азия чемпиондары. Екеуі де Таиланда өткен құрлық біріншілігінде топ жарған. Абылайхан тіпті Азия чемпионатының үздік боксшысы атанып, оған дейін жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанған.
Қалың қазақ елі енді Абылайханнан жастар арасындағы әлем чемпионатының саф алтынын күтеді. Тіл көзіміз тасқа, отандық бокс жанкүйерлері Абылайханды Серік Сәпиев, Геннадий Головкин ағалары сияқты қазақ боксының жарық жұлдызы болады деп үміттенуде.
Ал бүгін тағы бірнеше боксшымыз шаршы алаңға шығып, бақтарын сынайды:
60 келі: Назым Ищанова – Жустина Валас (Польша)
69 келі: Рахат Маржықпаев – Жинхун Парк (Корея)
64 келі: Аян Қалибеков – Уэйн Келли (Ирландия)