Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жектен бас тартатынын мәлімдеді Деметриус Андраде. Фото: twitter.com/BooBooAndrade

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) ендігіде қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек қаламайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Tofight.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) ендігіде қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек қаламайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Tofight.ru басылымына сілтеме жасап.

Жеңілмеген америкалық сәуірде ғана GGG-мен жұдырықтасуға ниетті еді. 32 жастағы Андраде WBO титулын 2018 жылы жеңіп алып, үш рет сәтті қорғаған болатын.

"Жұдырықтасқым келетін спортшылар арасында бірінші Головкинді атайтын едім, бірақ оның уақыты өтті. Ол боксқа бәрін берді, сарқылды. Иә, аты әлі де дүркіреп тұр, алайда GGG-мен жалындап тұрғанынында жұдырықтасқаным жоқ, оны жеңетін едім. "Канело" Головкинді күші мығым кезде жеңе алар ма еді? Жоқ. Олардың ендігі жекпе-жектері де бұрынғыдай қызықтырмайды, бір-екі жыл бұрын асыға күткен оқиға еді", - дейді Андраде Boxingscene.com порталына берген сұхбатында. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети