Әлем чемпионы Головкиннің экс-қарсыласын нокаутқа түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем чемпионы Головкиннің экс-қарсыласын нокаутқа түсірді Сурет: twitter.com/trboxing

WBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд IBF белбеуінің бұрынғы иегері ұлыбританиялық Келл Брукты жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


WBO жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд IBF белбеуінің бұрынғы иегері ұлыбританиялық Келл Брукты жеңіп, титулын төртінші рет қорғап қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, кездесу Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды.

Төртінші раундта Кроуфорд Брукты нокдаунға түсірген, бірақ ұлыбританиялық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алған. Дегенмен Теренстің келесі шабуылынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатқан екен.

Еске салайық, 2016 жылы Брук қазақстандық Геннадий Головкиннен (40-1-1, 35 КО) мерзімінен бұрын жеңілген болатын - бесінші раундта ұлыбританиялықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети