Кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz порталына берген сұхбатында артынан ерген қазақстандық боксшылар жайлы пікір білдірді.
Кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz порталына берген сұхбатында артынан ерген қазақстандық боксшылар жайлы пікір білдірді.
WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері кәсіпқой бокстағы қазақстандық бірнеше спортшыны ерекше атап өтті.
"Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт - Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын", - дейді боксшы.
Сонымен қатар, Қанат Ислам АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген тағы екі спортшы жайлы пікір білдірді.
"Сосын тағы екі жігітіміз бар - Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов. Мықты болмаса, кем емес", - деп атап өтті қазақстандық кәсіпқой.
Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.