"Әлемді шулатады". Қанат Ислам Қазақстан атын шығаратын боксшыларды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Әлемді шулатады". Қанат Ислам Қазақстан атын шығаратын боксшыларды атады Қанат Ислам. © worldboxingnews.net

Кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz порталына берген сұхбатында артынан ерген қазақстандық боксшылар жайлы пікір білдірді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz порталына берген сұхбатында артынан ерген қазақстандық боксшылар жайлы пікір білдірді.

WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері кәсіпқой бокстағы қазақстандық бірнеше спортшыны ерекше атап өтті.

"Жақсы боксшылар көп, жақында Садриддиннің жеңісіне куә болдық. Бастапқыда-ақ Олимпиадаға қатысатын болса, Қазақстан қоржынына жүлде салатын осы екі жігіт - Садриддин Ахмедов пен Жәнібек Әлімханұлы деп ойлаймын. Бұрын да солай ойлайтынмын, өйткені спаррингке тұрып көргенмін. Әлеуетін жақсы білемін. Бұйырса олар әлі үлкен биіктерге жетіп, әлемді шулатады деген ойдамын", - дейді боксшы.

Сонымен қатар, Қанат Ислам АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген тағы екі спортшы жайлы пікір білдірді.

"Сосын тағы екі жігітіміз бар - Мадияр Әшкеев пен Мейірім Нұрсұлтанов. Мықты болмаса, кем емес", - деп атап өтті қазақстандық кәсіпқой.

Еске салайық, 20 жастағы қазақстандық Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) Канаданың Монреаль қаласында өткен жекпе-жекте төртінші раундта 22 жастағы мексикалық Абрахам Хуаресті (13-5, 5 КО) нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC ұйымының жастар арасындағы чемпионы атанды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети