Алғашқы жеңіліс: Альварес - Сондерс жекпе-жегі қалай өтті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алғашқы жеңіліс: Альварес - Сондерс жекпе-жегі қалай өтті? Фото: DAZN©

Сауль "Канело" Альварес екінші орта салмақта Билли Джо Сондерспен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль "Канело" Альварес екінші орта салмақта Билли Джо Сондерспен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Арлингтонда (Техас, АҚШ) AT&T Stadium жабық стадионында өтті. Жеңіске мексикалыққа тиесілі WBC және WBA белдіктері және ұлыбританиялық боксшының WBO чемпионы атағы тігілген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от DAZN Boxing (@daznboxing)

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген. Бірақ сегізінші раундтан кейін ұлыбританиялық боксшының бұрышындағылар ақ орамал тастаған. Оның жарақат алғаны анық. Өйткені соңғы минуттарда ол белсенді жекпе-жек көрсете алмаған, ал үзіліс кезінде дәрігерлер оның көзін тексерді.

Осылайша Саундерс спорттық мансабында алғашқы рет жеңіліске ұшырады. "Канело" үшін бұл 56-шы жеңісі. Оның ішінде қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген 38-ші жекпе-жегі.

Айта кетейік, бұған дейін Альварес Сондерспен бірлескен жекпе-жектен кейін қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірген болатын. Бірақ оның басты шарты - екінші орташа салмақтың шегі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети