Әлімханұлы Головкиннің дивизионында жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлімханұлы Головкиннің дивизионында жұдырықтасады Жәнібек Әлімханұлы. © vesti.kz

Бокстан 2013 жылдың әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысқаннан кейін менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан 2013 жылдың әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысқаннан кейін менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы боксшының өзі Алматыда өткен ашық жаттығу кезінде айтты. Сондай-ақ, Әлімханұлы орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 33 КО) салмағына ауысатынын мәлімдеді. 

Ертең, 23 мамырда, боксшы АҚШ-қа аттанады. Осы сапар барысында ол промоутермен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта оның бірнеше нұсқасы бар. Әлімханұлы нақты шешімді келіссөздерден кейін шығарады. 

16 сәуірде Әлімханұлының кәсіпқой боксқа түбегейлі ауысатыны белгілі болды. 2016 жылы ол Алматыда өткен бокс кешінде колумбиялық Милтон Нуньеспен (35-18-1, 31 КО) жұдырықтасып, бірінші раундта нокаутқа түсірген еді. Ал былтыр Астанада ол бразилиялық Жильберто Перейру дос Сантосты (14-7, 10 КО) төрешілер шешімі бойынша жеді. Соңғы жекпе-жегін ол жартылай ауыр салмақта өткізді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети