08 тамыз 2016 | 13:04

Алла бұйырса, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін - Данияр Елеусінов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Данияр Елеусінов Данияр Елеусінов

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны және 2013 жылы әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Риодағы жазғы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын және қандай көрсеткіштерге жеткісі келетінін айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны және 2013 жылы әлем чемпионы атанған Данияр Елеусінов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Риодағы жазғы Олимпиада ойындарына қалай дайындалып жатқанын және қандай көрсеткіштерге жеткісі келетінін айтып берді.

Боксшының айтуынша, турнирге дайындалуда ешқандай қиындық жоқ. Сондай-ақ, Даниярдың айтуынша, ол командасымен бірге Астанадағы кәсіпқой боксшылармен дайындық жұмыстарын да жүргізген. "Олар бізге жақсы көмектесті. Бұған дейін мен АҚШ-тағы жаттығуларда болдым, онда кәсіби боксшылармен жаттықтым. Бұл жолы жаттығу жұмыстары қызықты өтті. Мен жемісті еңбек еттім. Бірақ меніңше, өзіме қажеттіні Америкадағы жаттығу жұмыстарында үйреніп алдым", - деді Елеусінов.

Айта кетейік. қазақстандық боксшы үшін бұл екінші Олимпиада екен. Соңғы жылдары ол бұрынғыдан ауыр салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізіп жүр. "Енді менің нәтижелерім 69 келі салмақ дәрежесіне дейін болады. Әрине, тәжірибе жинадым. Алла қаласа, бұл Олимпиадада жеңіске жетемін", - деді боксшы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети