Asianboxing.info порталы Қанат Исламның Патрик Аллотеймен өткізген жекпе-жегінен кейін оның әлем чепионы бола алатынына күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Asianboxing.info порталы Қанат Исламның Патрик Аллотеймен өткізген жекпе-жегінен кейін оның әлем чепионы бола алатынына күмән келтірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
29 қазан күні Алматыда өткен жекпе-жекке бірінші орта салмақ бойынша WBA Fedelatin және WBO Intercontinental атақтары тігілген болатын.
12 раундтан кейін қазылар жеңісті бірауыздан Қанат Исламға берді. Аллотейдің бапкері мұны шектен шығу деді, ал ганалық боксшы киім ауыстыратын бөлмеде жылап та алған. (...) Ислам қарсыласын өз ырқына салмақ болғанымен, Аллотей жақсы қозғалып жүрді, бір орында тұрмады. Аллотей есеңгірейтіндей соққы алмағанымен, Қанат қазыларға әсер етіп, жеңіске жететіндей жағдай жасады. Бұл нәтиже Ислам үшін жақсы деп айтуға келмейді. Өйткені Чарльз Манучи 2014 жылы Аллотейді сегізінші раундта, ал Патрик Тейшера былтыр екінші раундта жеңген болатын.
"Ислам туған жерінде алғаш жекпе-жек өткізіп отырғандықтан, қатты қысылды деген сөздерге қарамастан, өз салмағында оның бұрын есептеліп келгендей онша қауіпті еместігі білінді. Өкінішке қарай, егер ол айтарлықтай жетілмесе әлем чемпионы атағын жеңуі екіталай", - деп жазады басылым.