Әлімханұлы әлем чемпионы титулын Андрадемен жекпе-жек өткізбей алуы мүмкін

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлімханұлы әлем чемпионы титулын Андрадемен жекпе-жек өткізбей алуы мүмкін

Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) орта салмақта WBO титулын бос қалдырмақ, ал Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы белбеу үшін жұдырықтасуға мүмкіндік алады. Бұл туралы инсайдер Крис Мэнникс айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, Андраде карьерасын дамыту үшін басқа бағыт таңдаған және қазақ боксшыға басқа қарсылас ұсынды. Осы апта аяғында Андраде - Әлімханұлы кездесуінің промоутерлік саудасы өтуі керек болған.

"Әлімханұлының командасы бос қалған титул үшін жұдырықтасады. Ықтимал қарсылас: 5 ақпанда Лиам Уильямспен жекпе-жек өткізетін Крис Юбэнк", - деп есептейді Мэнникс.

 Сонымен қоса, ол Деметриус Андраде 160 фунттағы титулын тастап, 168 фунт салмаққа өтетінін айтты.

"Андраденің командасы Зак Паркермен жекпе-жек бойынша келіссөз жүргізіп жатыр, оның жеңімпазы "Канело" Альварестегі белбеуге міндетті үміткер атанады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course up  595.85  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети