Қазақстандық кәсіпқой Жанібек Әлімханулы (7-0, 3 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені (28-0, 17 KO) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық кәсіпқой Жанібек Әлімханулы (7-0, 3 КО) орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андрадені (28-0, 17 KO) жекпе-жекке шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы жеңілмеген америкалықты Instagram желісінде белгілеп, жазба қалдырған.
"Сен ең мықтылармен немесе атақтылармен жұдырықтасқың келе ме? Орта салмақтағы мықтымен кездескің келсе, мен дайынмын. Әуесқойда 300 жекпе-жек өткіздім. Әлем және Азия чемпионымын. Енді менің рекордым 7-0. WBO рейтингінде 13 орындамын. Мұның бәрін білесің. Әлемге нағыз боксты көрсетейік. Жанкүйерлер мұны көруге лайық", - дейді Әлімханұлы ағылшын тіліндегі жазбасында.