Әлімханұлы жеңісінен кейін әлем рейтингінде жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлімханұлы жеңісінен кейін әлем рейтингінде жоғарылады © instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін әлем рейтингінде 11 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) титул үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңгеннен кейін әлем рейтингінде 11 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Өткен демалыста Фреснодағы Chukchansi Park аренасында Әлімханұлы канадалық Альберт Онолуносемен кездескен. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, бірақ алтыншы раундта қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға, кейін нокаутқа түсірген. 

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 66-орыннан 55-ке жоғарылады. 

Осылайша, Әлімханұлы титулын қорғап, сегіз жекпе-жегінің бәрін жеңіспен аяқтады, оның төртеуі - нокаутпен. Онолуносе болса, 24 рет жеңіп, бір рет тең түсіп, үшінші рет жеңілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети