25 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) "Айуан" лақап атты америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) өтетін жекпе-жегінің видеоанонсын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
25 жастағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (3-0, 1 КО) "Айуан" лақап атты америкалық Вон Александрмен (12-1, 8 КО) өтетін жекпе-жегінің видеоанонсын жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"3 қараша ҚАЗАҚ БОКС стилін көрсетеміз, бұйыртса!", - делінген боксшының Instagram желісінде жариялаған видеосының сипаттамасында.
Еске салайық, жекпе-жек Техас штатындағы Эль Пасо қаласында өтеді. Қазақстандық боксшы тұңғыш рет сегіз раунд жұдырықтасады. Әлімханұлының мұның алдындағы үш жекпе-жегі де алты раунд болған, оның екеуін ол толық алты раунд жұдырықтасты.