Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) кезекті рет WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (30-0, 18 КО) жекпе-жек өткізуді талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

 "Эдди Хирн маған орта салмақтағы чемпионыңды - Андрадені бер. Мен оны титулынан айырамын. Мен дивизион патшасымын. Боб Арум, мен дайын", - деп жазыпты Жәнібек Twitter-де.

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети