Әлімханұлының The Ring журналындағы рейтингі көтерілді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлімханұлының The Ring журналындағы рейтингі көтерілді Сурет: reviewjournal.com

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы Францияның экс-чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін The Ring тізімінде алтыншы орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы Францияның экс-чемпионы Хассан Н'Дам Н'Жикамды жеңгеннен кейін The Ring тізімінде алтыншы орынға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, орта салмақтағы чемпион жоқ, бірақ тізімде тағы бір қазақстандық, IBF және IBO белдіктерін иеленген Геннадий Головкин көш бастайды. Үштікке екі америкалық - Гермалл Чарло мен Деметриус Андраде кіреді.

WBA чемпиондық белбеуінің иегері америкалық Эрисланди Лара тізімде жоқ. Оның орнын екі жыл бойы жекпе-жекке шықпаған жапон боксшысы Риота Мурата басты.

Әлімханұлы Головкиннің тағы бір қарсыласы Сергей Деревянченконың сәтсіз жекпе-жегінен кейін тізімде алға жылжыды. Украиналық Карлос Адаместен жеңіліп, қазақстандыққа журналдың үздік 10-ына кіруге көмектесті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети