Алтынға бергісіз күміс: Василий Левит Рио Олимпиадасының финалында жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алтынға бергісіз күміс: Василий Левит Рио Олимпиадасының финалында жеңілді © AIBA

Қазақстандық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Василий Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

91 келіге дейінгі финалдық кездесуде Василий Левит ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен жұдырықтасты. Бірінші раундта үш төрешінің екеуі қазақстандық боксшы жеңді деп есептеді. Екінші раундта Левит қарқынын үдете түстіп, белсенді түрде шабуылдар ұйымдастыра бастағандай еді. Алайда төрешілердің шешімі бойынша, екінші раунд ресейлік боксшының пайдасына шешілді. Үшінші раундта Левиттің бірнеше сериялы соққысы діттеген жеріне дөп тиді. Алайда қорытындысында төрешілер жеңісті оның қарсыласына берді. Бокс кешіне жиналған көрермендер ресейлік боксшының жеңісі жарияланғанда ысқырып, шулап жатқанын айта кету керек.


© TASS.ru


© REUTERS

Еске салайық, 91 келі салмақтағы қазақстандық Василий Левит жартылай финалдық жекпе-жекте кубалық Эрисланди Савонмен жұдырықтасып, 3:0 есебімен жеңіске жеткен еді. Ал ширек финалда отандасымыз Кеннеди Сен-Пьеррді тізе бүктірген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети