Альварес белбеуінен айырылуы мүмкін. Головкинде титул иеленетін мүмкіндік пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альварес белбеуінен айырылуы мүмкін. Головкинде титул иеленетін мүмкіндік пайда болды Фото: boxingscene.com

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестен әлем чемпионы титулын тартып алуы мүмкін, - деп хабарлайды BoxingScene.com

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестен әлем чемпионы титулын тартып алуы мүмкін, - деп хабарлайды BoxingScene.com

"Канело" келесі жекпе-жегінде украиналық үміткер Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізбесе, титулынан айырылуы ықтимал. 

Дереккөздің мәліметі бойынша, IBF алты апта бұрын "Канелоның" өкілдеріне хат жіберіп, Деревянченконың тарабымен келіссөзді бастауды тапсырған. Альварестің командасы хатқа жауап бермей, титулды қорғау уақытын кейінге шегеруді сұрамаған. Сондықтан IBF промоутерлік сауда-саттықты бастауы мүмкін. Ал "Канело" келесі жекпе-жегінде Деревянченкомен жұдырықтаспайтынын анық айтқан болатын. 

Егер Альварестің өкілдері сауда-саттыққа қатыспаса, IBF ережесі бойынша одан чемпиондық титулды тартып алады. Мұндай жағдайда Деревянченко бос қалған белбеуді ең жақын үміткер қазақстандық Геннадий Головкинмен сарапқа салады. 

Айта кетейік, Альварес IBF титулын мамырда Лас-Вегаста иеленген болатын. Ол бұл белбеуді америкалық Дэниэл Джейкобстан жеңіп алған еді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети