Альварес чемпиондық титулынан айырылды. Оны Головкин жеңіп алуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альварес чемпиондық титулынан айырылды. Оны Головкин жеңіп алуы мүмкін Сауль Альварес. Фото: boxingscene.com

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алды. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) мексикалық Сауль Альварестен орта салмақтағы әлем чемпионы титулын тартып алды. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Себебі Альварес міндетті үмкіткер украиналық Сергей Деревянченкомен келісе алмаған. Екі тарап кездесу жөнінде келіссөз жүргізген болатын. 

Сондықтан "Канело" берілген мерзімнің аяқталуына байланысты титулынан айырылды - мексикалық боксшы келіссөзді бейсенбіге дейін аяқтауы керек болған. Коппинджердің ақпараты бойынша, боксшылардың командалары қаражат мәселесін келісе алмаған. 

Енді IBF бос қалған титул үшін Деревянченко мен келесі үміткер, қазақстандық Геннадий Головкин арасында жекпе-жек өткізбек. Дереккөздердің мәліметі бойынша, тараптар келіссөзді жақсы өткізіп жатыр. 

Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы осыған ұқсас жағдайда айырылған еді - ол да Деревянченкомен жұдырықтасудан бас тартқан. 2018 жылы қазанда украиналық боксшы бос тұрған титулды америкалық Дэниэл Джейкобспен сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңілген. 

Ал биыл мамырда IBF титулының иегері өзгерді - Джейкобс Альварестен жеңіліп қалған. Ал Деревянченко Джек Кулькайға қарсы іріктеу жекпе-жегін өткізіп, тағы да міндетті үміткер атанған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети