Альварес Головкинді жекпе-жекке шақырған боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: DAZN Фото: DAZN

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраденің менеджері Эд Фаррис BoxingScene-ге берген сұхбатында WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF титулдарының иегері Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыру жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Деметриус Андраденің менеджері Эд Фаррис BoxingScene-ге берген сұхбатында WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF титулдарының иегері Сауль Альвареспен жекпе-жек ұйымдастыру жайлы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұған дейін боксшылардың 14 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін екені хабарланған. Промоутерлер бұл жөнінде телефонмен сөйлескен. 

"Деметриус 14 қыркүйекте осы жекпе-жекті өткізуді қалайды және келісімге келуге дайын. Бұл оның өмірлік мүмкіндігі. "Канело" өз сөзінде тұрып, барлық белбеуді бір адамның қолына біріктіруге келіседі деп үміттенемін. Альварес көптеген ауыр жекпе-жекті қабылдады, енді 14 қыркүйекте Андрадемен жұдырықтасып, бәске бәрін тіге алады", - деді Фаррис. 

Андрадеден бөлек Альвареспен қыркүйекте жұдырықтасуға үміткерлер ішінде бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия мен ресейлік Сергей Ковалев бар. Екі боксшыға да ұсыныс түскен, бірақ Ковалев сыйақының аз болуына байланысты одан бас тартқан. 

"Канелоны" қазақстандық Геннадий Головкин де жекпе-жекке шақырған болатын. Бірақ боксшылардың келіссөзі нәтиже бермей, үшінші жекпе-жек 2020 жылы ғана өтуі ықтимал. Андраде бұған дейін Головкинді де жекпе-жекке шақырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer