11 ақпан 2018 | 10:16

Альварес Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© badlefthook.com © badlefthook.com

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің уәдесіне қатысты жауап берді, деп хабарлады Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер мексикалық Сауль Альварестің уәдесіне қатысты жауап берді, деп хабарлады Vesti.kz.

Альварес екінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіруге сөз берген. Алайда Леффлер оның мүмкін емес екенін мәлімдеді.

""Канело" Головкинді нокаутқа түсіруге уәде берді. Бірақ бұл мүмкін емес, егер сен үнемі кері шегінетін болсаң. Біз де көреміз, Альварес расымен де сөзінде тұрар ма екен.

Көпшілік "Канелоның" жастығы өзінен жасы үлкен Головкинді жеңуге көмектеседі деп айтып жүр. Бірақ Геннадийдің соққысы қарсыластарын үнемі кері шегіндіреді.

16 қыркүйекте өткен жекпе-жекте бірінші рет көрдім, Альвареске ысқырып, наразылық білдірілді және бұл төрешілердің шешіміне ғана қатысты болған жоқ. Көпшілігі оның стилі мен жұдырықтасу мәнеріне наразылықтарын білдірді. Ешкім ешқашан оның 12 раунд бойы осылай көп қимылдағанын көрген емес. Альварестің тактикасы әлемнің ең үздік панчерлерінің бірінен қорғану ғана болды", - деп келтірді Леффлердің сөзін secondsout.com порталы.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети