24 ақпан 2017 | 13:46

Альварес Головкинге ресми ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес және Геннадий Головкин. © fightsaga.com Сауль Альварес және Геннадий Головкин. © fightsaga.com

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 KO) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін ресми ұсыныс жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 KO) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін ресми ұсыныс жасағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкинге жекпе-жек туралы ресми ұсыныс жасалды. Біз келісімшартты оның үстеліне қойдық. Енді жауабын күтіп отырмыз. Келісімшартқа Головкин келісім берген күні қол қоюға дайынбыз. Біз ұсынысты жасағанымызға біраз уақыт болды. Бірақ Головкин әлі жауап берген жоқ. Демек ол менімен жұдырықтасқысы келмейді деген сөз", - деп келтіреді Альварестің сөзін boxingscene.com порталы.

Еске салайық, Головкин мен Альварестің командалары жекпе-жекті өткізу туралы өткен жылдан бері келіссөздер жүргізіп келеді. Бірақ екі жақ әлі жекпе-жектің қаржылық шарттарына келісе алмай жатыр.

Айта кетейік, Головкин келесі кездесуін 18 наурыз күні америкалық Дэниель Джейкобспен, ал Сауль Альварес 6 мамырда Лас-Вегастағы "T-Mobile Arena" спорт кешенінде кімі Хулио Сезар Чавеспен өткізеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети