Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының құрылтайшысы Оскар Де Ла Хойя мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) екінші жекпе-жек өткізу үшін кез келген уақытта допинг сынамаларын тапсыруға дайын екенін жеткізді. Алайда ол GGG командасына бір шарт қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Канело" Головкинмен екінші жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойған уақытта, ол бағдарламада болады", - деп жазады BoxingScene.com Де Ла Хойяның сөзін.
Сонымен қатар, промоутер Головкинге ультиматум жасады. Олар қазақстандық боксшының орнына басқа қарсылас табатынын айтып отыр. Сондай-ақ Де Ла Хойя қазақстандықтың соңғы жекпе-жегінен түскен қаражаттың мөлшерін айтып, мазақ етті.
Golden Boy президенті Эрик Гомес осындай шарттарды айтқан болатын. Оның айтуынша, мексикалық боксшы Головкиннің командасы қойған талаптардың барлығын орындап, кез келген уақытта допинг сынамасын тапсырып тұруға келісім берген.
Айта кетейік, Альварес тамыз айының ортасына дейін бокстан шеттетілді. Ол 15 қыркүйекте шаршы алаңға қайтып келеді деген жоспар бар. Оның промоутерінің айтуынша, мексикалық боксшы Головкиннің командасымен келісімшарт жасасқаннан кейін, допинг сынамасын тапсырып отыратын болады.