Альварес Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасады - Оскар Де Ла Хойя

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альварес Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасады - Оскар Де Ла Хойя Сауль Альварес пен Оскар Де Ла Хойя. © Boxingscene.com

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Альварестің Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Альварестің Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Айта кетейік, бұған дейін Top Rank компаниясының басшысы Альварестің WBC чемпионы титулынан бас тартып, оны Головкинге бере салуына таңданысын білдірген болатын. Сонымен қатар, ол мексикалық боксшының Головкинмен келісімге келе алмайтынын айтты.

Дегенмен Де Ла Хойя Альварестің Головкинмен міндетті түрде жұдырықтасатынын, сонымен қатар, олардың жекпе-жегі Мейвезер - Пакьяо кездесуінің тағдырын қайталамайтынын мәлімдеді.

"Канелоның" Головкинмен жұдырықтасатынына сенімді болыңыздар. Қазір Леффлер Еуропада жүр. Менің соттан қолым босамай жатыр. Біз жақын арада келісім жүргізуді қайта бастаймыз", - деді мексикалық боксшының промоутері.

Айта кетейік, Де Ла Хойя қазір Майамиде "Альварес ісі" бойынша сот процесіне қатысып жатыр. All-Star Boxing компаниясы Golden Boy Promotions-ты мексикалық боксшыны "ұрлап" кеткені үшін сотқа берген болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети