ПОДЕЛИТЬСЯ
04 маусым 2020 | 09:37
Альварес Головкиннің орнына жаңа қарсылас тапты - инсайдер
Танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұған дейін оның әріптесі Лэнс Пагмайер екі тарап трилогияның қаржылық шарттарын келіскенін мәлімдеген еді. Сол кезде кездесу 12 қыркүйекте Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T стадионында өтеді деп хабарланған.
Алайда Коппинджердің мәліметі бойынша, жанкүйерлер Головкин - "Канело" арасындағы үшінші кездесуді 2021 жылы ған көруі мүмкін. Дәлірек айтқанда, мексикалықтың командасы қазіргі уақытта GGG кандидатурасын қарсылас ретінде қарастырып жатқан жоқ екен.
Sources: Canelo Alvarez-Sergiy Derevyanchenko in talks for Sept. 14 at 168. Canelo was set to fight Billy Joe Saunders, DAZN’s preferred May 2 foe, before pandemic hit. Other opponents being considered for Canelo, but it won’t be GGG. Unlikely to see Canelo-GGG 3 until early 2021
— Mike Coppinger (@MikeCoppinger) June 3, 2020Альварестің командасы қазір украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) 14 қыркүйекте жұдырықтасу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Деревянченко 2019 жылы қазанда Головкиннен төрешілер шешімімен жеңілген болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также