04 маусым 2020 09:37

Альварес Головкиннің орнына жаңа қарсылас тапты - инсайдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: boxingscene.com Фото: boxingscene.com

Танымал америкалық журналист және инсайдер Майк Коппинджер (The Athletic) қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ақпаратты бөлісті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұған дейін оның әріптесі Лэнс Пагмайер екі тарап трилогияның қаржылық шарттарын келіскенін мәлімдеген еді. Сол кезде кездесу 12 қыркүйекте Арлингтондағы (Техас штаты, АҚШ) AT&T стадионында өтеді деп хабарланған.

Алайда Коппинджердің мәліметі бойынша, жанкүйерлер Головкин - "Канело" арасындағы үшінші кездесуді 2021 жылы ған көруі мүмкін. Дәлірек айтқанда, мексикалықтың командасы қазіргі уақытта GGG кандидатурасын қарсылас ретінде қарастырып жатқан жоқ екен. 

Альварестің командасы қазір украиналық Сергей Деревянченкомен (13-2, 10 КО) 14 қыркүйекте жұдырықтасу үшін келіссөз жүргізіп жатыр. Деревянченко 2019 жылы қазанда Головкиннен төрешілер шешімімен жеңілген болатын. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети