20 шілде 2016 | 10:27

Альварес желтоқсанда Головкиннің салмақ дәрежесінде жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль Альварес © boxingscene.com Сауль Альварес © boxingscene.com

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) биыл желтоқсан айында орта салмақта жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы 25 жастағы мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (47-1-1, 33 КО) биыл желтоқсан айында орта салмақта жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бұл біздің мақсатымыз. Біздің жоспарымыз, - деп келтіреді Альварестің сөзін RingTV телеарнасы. - Біз жоғары көтерілу туралы ойлап отырмыз. Не болатынын білмейміз, бірақ біздің жоспарымыз осындай".

Айта кетейік, 17 қыркүйекте Альварес бірінші орта салмақтағы WBO чемпионы ұлыбританиялық Лиам Смитпен (23-0-1, 17 КО) кездеседі. Жекпе-жек Арлингтонда, Техас штатындағы 100 мың көрерменге арналған AT&T Stadium аренасында өтеді. Бірақ бастапқыда жекпе-жекті Лас-Вегаста өткізу жоспарланған болатын.

Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның О2 аренасында өтеді. GGG промоутері Том Леффлердің айтуынша, бұл жекпе-жектің билеттері бар-жоғы 12 минуттың ішінде сатылып кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети