Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті допинг дауына байланыстыекінші кездесуден бас тартып, кешірім сұрағаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті допинг дауына байланыстыекінші кездесуден бас тартып, кешірім сұрағаны үшін сынға алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Канело" деген кім? Барлығы оның алып мексикалық жұлдыз екенін айтып жатыр. Соңғы баспасөз конференциясында ол былай деді: "Мен оған бара алмаймын, кешіріңіздер!". Адамдар үшін бұл барып тұрған бассыздық. Ол жұлдыз емес, ұлы емес, бокстағы маңызды адам емес. Ол өте нашар адам. Адамдар жекпе-жекті көргісі келсе, ол келісімін берсе, мен қарсы емеспін. Мен өзімді жақсы сезінемін. Мен ертегідегі шал құсап, күтіп отырмын. Оның кешірім сұрағаны есімде. Жарайды, қоя берші", - деді Головкин баспасөз конференциясында.
Осыған дейін 5 мамырда Головкин MGM Grand аренасында мексикалық Хайме Мунгиеймен (28-0, 24 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін екені айтылған еді. Сонымен қатар, Головкиннің командасы ирландиялық Гэри О'Салливанның (27-2, 19 КО) кандидатурасында қарастырып отыр.
Мұның алдында қазақстандық боксшы алдағы жекпе-жегіне қатысты оқиғаларға пікірін білдірген еді. "Өтінемін, мен жай ғана жұдырықтасқым келеді. Маған жекпе-жек керек. Бокс үшін сұмдық жағдай", - деген еді Головкин.
Айта кетейік, допингпен ұсталған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жұдырықтасудан ресми түрде бас тартқанына қарамастан, Головкин 5 мамырда жекпе-жек өткізбек еді. Алайда ол күнге қарсылас әлі табылған жоқ. Жекпе-жек кейінге қалдырылуы мүмкін екені жайында ақпарат тараған да болатын. Қазақстандық боксшыға қазір ирландиялық Гэри О’Салливан жақсы қарсылас болып тұр, алайда, бүгін оның да жекпе-жектен бас тартқаны хабарланып отыр.