26 наурыз 2018 | 09:24

Альварес шеттетілсе, Головкин кіммен кездеседі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

ESPN телеарнасының сарапшысы әрі АҚШ-тағы ең танымал бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допингпен ұсталуына қатысты пікір білдіріп, оның орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реваншы өтпей қалуы қаншалықты мүмкін екеніне баға берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

ESPN телеарнасының сарапшысы әрі АҚШ-тағы ең танымал бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (49-1-2, 34 КО) допингпен ұсталуына қатысты пікір білдіріп, оның орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) реваншы өтпей қалуы қаншалықты мүмкін екеніне баға берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес жекпе-жекке екі ай қалғанда допингпен ұсталған. Екі бірдей сынамасынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған. Мексикалықтың командасы бұл жағдайды боксшының ағзасына бұл препарат желінген еттен енген дегенді айтып, түсіндірген. Ал Невада штатының Атлеттер комиссиясы Альваресті жекпе-жектерден уақытша шектеген. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығарылады. Ал Головкинмен жекпе-жегі 5 мамырға белгіленген. 

"Допинг табылғандықтан жекпе-жек өтпей қалады деп ойлайтындарға бір дәлел айтайын: HBO сенбілік трансляциясын PPV-ны дамыту үшін пайдаланған жоқ және өз күнтізбесіне шегеріп қойды. Барлығы шындық, жұртшылық. Ал "Канелоның" шеттетілуі алдаусырату деп жатқандар - сіздер не айтып жатқандарыңызды білмейсіздер. Головкин мен "Канелоның" екінші жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін деген үлкен қауіп бар. Естеріңізге салайын, Невада штатының комиссиясы Тайсонға бірнеше жыл бұрын лицензия беруден тартынып, Льюйске қарсы жекпе-жекке шығарған, сол уақытта бұл бокс тарихындағы ең ірі оқиға еді. Ал реванш өтпей қалса, бұл әбден мүмкін, бұған "Канело" мен оның бапкерлері кінәлі болады. Том Леффлер (Головкиннің промоутері) маған "Канелоның" шеттетілуі жайлы айтқан, GGG 5 мамырда Вегаста я "Канеломен", я басқа бір қарсыласпен жұдырықтаспақ. Мен оған Джейкобсты тығырыққа тіреу керек деген едім - ол 28 сәуірде әлсіз жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жекті кейінге шегеріп, бір аптадан кейін GGG-ге қарсы реванш ұйымдастырыңыздар. Реванштың өтпей қалуына тағы бір себеп - Fathom Events, АҚШ-тағы PPV дистрибьюторы, жекпе-жекті өз кестесінен алып тастап, өз сайтынан осы кездесу жайлы барлық материалды жойды", - деп жазды Рафаэль Twitter желісінде. 

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети