Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

4 мамырда Лас-Вегаста "Канело" орта салмақта IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Мексикалықтың сөзінше, жеңіске жеткен жағдайда оның басты мақсаты - WBO белбеуін иелену. Альвареске абсолют чемпион атануға осы белбеу ғана жетпей тұр.
"Бәрінің өз уақыты бар. Алда Джейкобспен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Бірақ команда ретінде бізде мақсат бар. Биылғы мақсатымыз - орта салмақтағы барлық белбеуді иелену. Головкинде белбеу болса, неге жұдырықтаспасқа? Жыл соңына дейін белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге қуанышты боламын. Болмаса, онда жағдайдың қалай боларын көреміз. Жанкүйерлерге тамаша екі жекпе-жек сыйладық, үшіншісін неге сыйламасқа?" - деп келітреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.