Альварес үшінші жекпе-жек үшін Головкинге жаңа шарт қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альварес үшінші жекпе-жек үшін Головкинге жаңа шарт қойды © НВО

Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBC, WBA (Super) чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) беделді чемпиондық белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

4 мамырда Лас-Вегаста "Канело" орта салмақта IBF белбеуінің иегері америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Мексикалықтың сөзінше, жеңіске жеткен жағдайда оның басты мақсаты - WBO белбеуін иелену. Альвареске абсолют чемпион атануға осы белбеу ғана жетпей тұр.

"Бәрінің өз уақыты бар. Алда Джейкобспен ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Бірақ команда ретінде бізде мақсат бар. Биылғы мақсатымыз - орта салмақтағы барлық белбеуді иелену. Головкинде белбеу болса, неге жұдырықтаспасқа? Жыл соңына дейін белбеу жеңіп алса, онымен жекпе-жек өткізуге қуанышты боламын. Болмаса, онда жағдайдың қалай боларын көреміз. Жанкүйерлерге тамаша екі жекпе-жек сыйладық, үшіншісін неге сыйламасқа?" - деп келітреді Альварестің сөзін BoxingScene.com.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +29
Ақтау +31
Ақтөбе +24
Атырау +31
Б
Балқаш +28
Ж
Жезқазған +30
Қ
Қарағанды +28
К
Көкшетау +27
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +28
Петропавл +27
С
Семей +33
Т
Талдықорған +30
Тараз +31
Түркістан +24
О
Орал +27
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер