Альвареске көп сөйлемей, Головкинмен рингке шығуды ұсынамын - Абель Санчес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альвареске көп сөйлемей, Головкинмен рингке шығуды ұсынамын - Абель Санчес © boxingscene.com

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF сериялары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің  (35-0, 32 КО) жаттықтырушысы екі салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (47-1-1, 33 КО) қазақстандық боксшының келесі қарсыласы туралы айтқан сынына жауап қайтарды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Альвареске сөйлей бергеннен гөрі онымен (Головкинмен) шаршы алаңға шығуды ұсынамын. Егер біз атақсыз боксшылармен шығып жүрген болсақ, онда өзің рингке шық та, жеңіп көр. Оларды осылай ғана тыюға болады. Оскар ("Канелоның" промоутері) өзінің уәдесін орындамау үшін барынша сылтаулар табатын болады. "Канело" Геннадийді жекпе-жекке шақырғаннан кейін, бокс қолғабын дәл қазір қайта киетіндігін айтуда, осының өзі оның - екіжүзді екендігін көрсетіп отыр деп айтуға болады", - деді Санчес.

Еске салайық, Альварес осы жылдың мамыр айында Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқан болатын. Осыдан кейін екі тараптың командалары келіссөздерді ары қарай жүргізіп, кездесуді 2017 жылға қалдырған болатын. Мексикалық WBO бірінші орта салмақтақтағы чемпионы Лиам Смитпен кездесу үшін 17 қыркүйекте  шаршы алаңға шығады.

Головкин - Келл Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондонның O2 аренасында орта салмақта өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети