30 сәуір 2019 | 09:22

Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы ойымнан айнымадым - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: HBO Boxing Фото: HBO Boxing

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN Deportes-ке берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz


Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) ESPN Deportes-ке берген сұхбатында мексикалық Сауль Альвареспен (51-1-2, 35 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Боксшылар Лас-Вегастағы (Невада штаты, АҚШ) T-Mobile Arena-да екі рет жұдырықтасқан еді: 2017 жылы қыркүйекте олардың алғашқы кездесуі тең есеппен аяқталған, ал тура бір жылдан соң Альварес төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. Осылайша, Головкин өз карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылған. 

Головкин "Канеломен" енді үшінші жекпе-жек өткізу туралы пікірін айтты. 

"Екеуіміз де оңтайлы позицияда тұрмыз. Егер үшінші рет жұдырықтассақ, тамаша болар еді. Мен Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы ойымнан айнымадым. Жекпе-жегіміз өтеді деп үміттенемін", - деді Головкин. 

Сонымен қатар, қазақстандық боксшы өзінің бұрынғы арманы - орта салмақтағы барлық титулды жинау туралы ойын бөлісті. 

"Қазір бәрі өзгерді. Мен парасатты бола түстім. Титулдар үшін жұдырықтасу деген мақсатым жоқ. Тек үздік боксшыларға қарсы үздік жекпе-жектер өткізгім келеді", - деді GGG. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - канадалық Стив Роллс. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети