Альварестен жеңіліп қалса да Головкинмен жұдырықтасамын - Сондерс

Билли Джо Сондерс. © tofight.ru

Орта салма?та WBO чемпионы Билли Джо Сондерс 5 мамырда мексикалы? Сауль "Канело" Альварестен же?іліп ?алса да ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинмен ж?дыры?тасу?а дайын екенін м?лімдеді, деп жазды Vesti.kz.

Орта салмақта WBO чемпионы Билли Джо Сондерс 5 мамырда мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңіліп қалса да қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазды Vesti.kz.

"Ол мынаны түсінуі керек, егер ол келісім жасасу үстелінде барлық белдіктерінсіз отырса, ол Б жақ тарап болады, ал мен А жақ боламын. Олай болса жекпе-жек Англияда өтеді. Мен оған осындай мүмкіндік беремін (WBO нұсқасы бойынша титулға таласу). Бірақ, Головкин "Канелоны" жеңеді деп үміттенемін. Менің ойымша, оны ауыр жұмыс күтіп тұр, себебі ол төрешілерге қарсы және "Алтын ұлға" қарсы күреседі. GGG бірінші жекпе-жекте "Канелоны" жеңді деп есептеймін, меніңше, үш ұпайға, бірақ олар (төрешілер) тең түсті деді", - деп мәлімдеді Сондерс Boxingnews24.com басылымына.

Еске сала кетейік, 5 мамырға белгіленген Головкин - Альварес арасындағы реванш матч Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтеді. Егер бұл жекпе-жек өтпей қалса, Головкин Сондерспен жұдырықтасатынын айтты.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама