Альварестің менеджері Головкинді нокаутқа түсіру туралы берілген уәдеге қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Альварестің менеджері Головкинді нокаутқа түсіру туралы берілген уәдеге қатысты ойын айтты Головкин мен Альварес. © boxingscene.com

Сауль "Канело" Альварестің менеджері Хосе "Чепо" Рейносо Головкинді нокаутқа түсіру туралы берілген уәдеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауль "Канело" Альварестің менеджері Хосе "Чепо" Рейносо Головкинді нокаутқа түсіру туралы берілген уәдеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, мұның алдында Альварестің екінші жекпе-жекте Головкинді нокаутқа түсіремін деп уәде бергені хабарланған болатын.

"Кеше Сауль жекпе-жекті төрешілер шешіміне дейін жеткізбей, Головкинді нокаутқа түсіретінін айтты, менің де бұған күмәнім жоқ. Айтпақшы, Головкин де солай деген болатын. Жағдай шиеленісе түсті, менің ойымша, бұл алдағы жекпе-жек үшін жақсы, себебі екі боксшы да рингке шығып, барлығын уақытынан бұрын аяқтағысы келеді. Алайда, мен әрдайым айтып жүремін, бокста нокаутқа түсірудің нақты формуласы жоқ. Біз бар ынтамызбен жұмыс істеп, жеңіске жетпекпіз", - деді Рейносо.

Сонымен қатар, ол Альварестің сол салмақ дәрежесіне әбден икемделіп алғанын айтты.

"Нокауттың болуы әбден мүмкін, себебі "Канело" бұл салмақта икемделіп үлгерді. Егер бірінші жекпе-жекті дұрыстап қарайтын болсаңыз, Альварестің Головкинді қалайша сілкілеп алғанын байқауға болады, бірақ біз GGG-дің олай істеген сәттерін көрген жоқпыз", - деп келтірді Рейносоның сөзін BoxingScene.com порталы. 

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварес 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездеседі. Олар бірінші рет 2017 жылы 16 қыркүйекте Лас-Вегаста кездескен еді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети