Альварестің допингі тағы бір спортшыдан табылды: Ол 4 жылға шеттетілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© FightNews.RU © FightNews.RU

4х400 метрге жүгіруден эстафетада 2014 жылғы Еуропа чемпионы британ желаяғы Найджед Левайн антидопинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға шеттетілді. Бұл туралы Ұлыбританияның Антидопинг агенттігінің (UKAD) ресми сайтында жарияланды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

4х400 метрге жүгіруден эстафетада 2014 жылғы Еуропа чемпионы британ желаяғы Найджед Левайн антидопинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға шеттетілді. Бұл туралы Ұлыбританияның Антидопинг агенттігінің (UKAD) ресми сайтында жарияланды. 

Өткен жылдың желтоқсанында спортшының қан құрамында WADA тыйым салған кленбутерол табылғаны, ал ақпанда жарыстардан уақытша шеттетілгені хабарланған еді. 29 жастағы атлет допинг-сынамада тыйым салынған заттардың немесе олардың метаболиттері немесе маркерлері анықталғаны үшін жазаланған.

Енді Левайн жарысқа 2021 жылдың 12 желтоқсанында шыға алады.

Айта кетейік, биылғы ақпанда Сауль "Канело" Альварес (50-1-2, 34 КО) те дәл осы кленбутеролмен ұсталған еді. Мексикалықтың командасы тыйым салынған заттың ағзаға уланған еттен түсті деп ақталды. Қорытындысында "Канело" жарты жылға шеттетіліп, 5 мамырға қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) реваншынан бас тартқан болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer