22 қараша 2017 | 17:41

Альварестің жарақаты туралы ақпарат Головкиннен жеңілісті ақтап алу - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz порталына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін қолына ота жасатты деген ақпаратқа қатысты өз ойын айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко Vesti.kz порталына берген сұхбатында Сауль "Канело" Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жектен кейін қолына ота жасатты деген ақпаратқа қатысты өз ойын айтты.

"Бұл келесі жекпе-жек алдындағы шу ғана. Барлығы Альварестің жеңілгенін айтады. Ол болса Патрик Аллотеймен жекпе-жекте қолын жарақаттап алған Қанат Исламның жағдайындай болды дегісі келеді. Бұл қалай сонда, кәсіпқой боксшының катмэні сонша нашар болғаны ма? Жекпе-жек кезінде Альваресте жарақат бары білінген жоқ. Головкин де, Альварес те қолдан келгенін жасады. "Канелоның" жарақаты болды деген ақпарат - бұл Головкиннен ұтылғанын ақтап алу. Бәрі шу көтеру үшін жасалып отыр. Олар үшін бастысы - көрермен жинау. Өздеріңіз де түсінесіздер. Жекпе-жек жақындағанда олар тағы бір нәрсе ойлап табады", - дейді ол.

21 қарашада Альварес қазақстандық боксшымен жекпе-жекке дайындық кезінде жарақат алып, ал жекпе-жек аяқталысымен оның қолына операция жасалғаны хабарланған болатын.

Еске салайық, осыған дейін "Канело" Головкинмен өткен жекпе-жектен кейін ота жасатқаны туралы жарияланды.

Жекпе-жекке мексикалық боксшы америкалық брендтің қолғабын киіп шыққан, ал бұған дейін ол мексикалық брендті таңдап келген. "Канелоның" қолғабын кию кезінде арнайы көбік себіледі, ол қосымша қорғаныс береді. Осы тауар әлемдегі үздіктер қатарында. 

Compubox статистикасына сәйкес, сол жекпе-жекте Альварес 505 соққы жұмсаған, оның 169-ы дәл тиген. Екі компонент бойынша Головкин басымдық танытты - 703 соққы, оның 218-і дөп тиген. 

Сондай-ақ бұл Альварестің қолындағы бірінші жарақаты емес. 2016 жылы қыркүйекте ол Лиам Смитті нокаутқа түсірді, алайда ол бас бармағын сындырып алды. Сол жекпе-жек мексикалық үшін бірінші орта салмақтағы ең соңғы кездесу еді. Содан кейін ол тек сегіз ай өтті дегенде ғана шаршы алаңға қайтып оралды. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда не қыркүйекте шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети